Конференцияның ғылыми бағдарламасы қашықтықтан зондтау және геокеңістіктік ғылымдар саласындағы соңғы жетістіктерді талқылауға және академиялық алмасуға арналған кешенді алаң ұсыну мақсатында әзірленген.
Бағдарламаға шақырылған сарапшылардың пленарлық баяндамалары, параллель ауызша сессиялар, постерлік сессиялар, тақырыптық симпозиумдар, сондай-ақ техникалық оқыту іс-шаралары кіреді. Сонымен қатар конференция аясында ғылыми далалық экспедиция (полевая экскурсия) өткізу жоспарланған.
Конференция тек қана офлайн форматта өткізіледі, ал сессиялар жазылмайды, тікелей эфирде көрсетілмейді және Zoom арқылы қолжетімді болмайды.
Сессия тақырыптары, кесте және баяндамашылар тізімін қамтитын толық бағдарлама конференцияның ресми сайтында дайындалу барысына қарай жарияланып, жаңартылып отырады.